Сыйлыққа гүл таңдау бойынша 10 кеңес

Жігіт: Мен сені Ләйлі мен Жібектен бетер сүйем.

Қыз: - О, арам-ай! Менен де бұрын қыздарың болған екен ғой =)

Гүл - әр адам үшін ерекше сыйлық. Бірақ оны әдемілеп сыйлаудың жасырын тұстары аз емес. Сыйлықты есте қалатындай етіп табыстаудың қыр-сырын меңгеру мақсатында үш күндік гүлдер ордасы - «AstanaFloraEXPO-2016»  көрмесіне қатысып, мәселені жан-жақты қарастырған жайымыз бар. Елордада өтіп жатқан осы көрмені аралау арқылы көңілге түйген кеңестерді ұсынамыз. Бұл кеңестер келе жатқан мейрамда аса өзекті екенін еске саламыз. Ол қандай мейрам?

15-ші сәуір - Махаббат & Ғашықтар күні. Бұл мереке көк шығып, кең дала сән салтанатқа боялатын көктем мезгілінің қақ ортасынан орын тауыпты. Аталмыш идеяның иесі - Дархан Мыңбай атты Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Мереке 1999 жылдан бері атап өтіліп келеді.

Бір қызығы, 15-ші сәуірде Грузия елі де Ғашықтар мерекесін тойлайды екен. ХХ ғасырдың соңында жергілікті парламент батыс-еуропалық «Әулие Валентин күнінің» орнына осы күнді грузиндік ресми «Махаббат күні» деп жариялапты. Содан бері тап осы күні грузин жігіттері қалыңдықтарына сөз салуды жиілетіпті-мыс.

Бірақ, біздің еліміздегі қыз-келіншектердің келісімін алу оңайға соқпас. Ол үшін жігіт мырзаларға бірінші кезекте гүл сыйлап, көңіл аулауға тура келеді. Мұндағы сізге көмекке келер ақылшыңыз - Сыйлыққа гүл таңдау бойынша 10 кеңес:

1. Райхан – гүлдер патшайымы. Ыстық махаббаттың белгісі – алқызыл райхан – кез-келген қыз үшін жігіт сезімінің сөзсіз күәсі. Бұл гүлді алғаш танысқан кездеріңізде де сыйлауға болады. Кейін, сүйіктіңіздің қандай гүл ұнататынын міндетті түрде біліп алып, мерекеге алдын ала дайындалсаңыз – ұпайыңыз арта түсетіні хақ. Тілге тиек, бір райхан гүлінің құны Астанада 150 теңгеден басталады.

2. Шоғырдағы гүлдердің тез солатыны белгілі. Сондықтан көптеген нәзік жандылар өміршеңдігі ұзақ гүлдерді қалайтыны бар. Мұндай жағдайда Сізге горшокқа отырғызылған гүлдерге назар аудару керек. Бұл ретте, сатушыдан үйде, кеңседе немесе аулада өсірілетін гүлдер туралы сұрағаныңыз жөн болады. Егер гүлді алғаннан кейін жұбыңыз сіз туралы көп ойласын десеңіз, үйдің бөлмесінде оңай өсетін гүлдерді таңдасаңыз – ұтылмайсыз.

Қызықты дерек: Егер кактусқа «туу, түрі қандай сүйкімсіз» десең болғаны, ол құрамында алкогольдік қоспалар бар улы заттарды бөліп шығаратын көрінеді. Ал бұл зат адамды ішімдікке итермелейтінін ғалымдар тәжірибе жүзінде талай рет анықтапты. Ғалымдар емес, қарапайым танысың айтса, сенбейтін оқиға.

3. Тегіс беткейге жайғаспай, ауа кеңістігінде орын алатын аспалы гүлдерді назардан тыс жібермеген жөн. Егер сіздің сүйіктіңіз креативтілікті сүйетін ерекше жан болса, мұндай амал – сіз үшін таптырмас көмекші. Егер бірнеше гүл горшогын қатарынан сыйласаңыз тіпті тамаша. Бұл кез-келген үйдің де, кеңсенің де сәнін келтіріп, гүл бағында жүргендей ерекше әсер қалдырады.

4. Елімізге шетелден әкелінген экзотикалық гүлдердің сыйлыққа деген қызығушылықты арттыратын қасиеті бар. Себебі... Бұл гүл қалай аталады? Қандай күтімді қажет етеді? Деген сияқты сұрақтар көптеп туындайды. Сондықтан сатып алудан бұрын бұл гүлдің нақты атауы, қай елден келгені, күтім ерекшеліктері сияқты мән-жайларын аңғарып алуыңыз қажет. Бұл ретте лиана тәріздес кез-келген беткейге оралып өсетін өсімдіктерді де ұмытпаған жөн.

5. Гүлдерден бөлек бөлмеде өсе беретін ергежейлі ағаштар мен бұталар да тамаша сыйлық болуы мүмкін. Лимон, мандарин ағашы сияқты өсімдіктер өсу барысында кеңістікке эфир майларын шашырататыны бар. Бұл денсаулыққа да пайдалы әрі ауаны әрлендіруші химиялық аэрозольдардан да бас тартуға тамаша мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Алматы қаласында Технология және флористика колледжі бар екен. Мұнда оқушыларды 9 бен 11-шы сыныптардан кейін қабылдайды екен. Назира Сабирова, осы коллеждегі директордың өндіріс жөніндегі орынбасары аталмыш оқу орнын бітірген түлектер 100% жұмыс табатынын алға тартты.

6. Анель атты құрбымызды гүл сатып алып бара жатқан жерінен кездестіріп қалдық. Бас редакторының туған күніне әріптестері гүл сыйламақ болған көрінеді. Иә, достар. Гүл – тек ғашығыңызға емес, әр жақын адамыңызға сыйлауға тұрарлық ғаламат.

7. Азамат есімді жас жігіт те гүл жәрмеңкесін аралап, сыйлық іздеп жүр екен. Өзінің аяғы ауыр жұбайын қуантпақ ойымен хризантема гүлін сатып алыпты. «Жұбайымның қандай гүл ұнататынын білмеймін. Өзіме осы ұнады. Сыйламақ болған гүл үшін ешбір себеп жоқ, жай оны қуантайын деген бетім»,- дейді.

Бұл жағдай – біздің жігіттеріміздің құлағына алтын сырға. Гүлдерді тек айтулы күндерде ғана емес, күнделікті өмірде де сыйлау сіздердің сезімдеріңізді беріктете түседі. Айтпақшы, сүйіктіңізді ренжітіп алсаңыз да, гүл – ең тамаша сыйлық. Оны көрген қыздың жүрегі жылып, көзі жайнай түсетіні рас.

8. Жай гүлдің өзін сатып алғаннан гөрі, көркем дизайнмен әрленген шоғырға қол жеткізген тіптен тамаша. Бір қызығы, мұндай жағдайда жасанды гүлдердің қолданылатын тағы бар. Ол үйге декор ретінде тамаша жарасады. Ойлап көріңізші, оны бағып-қағудың ешбір машақаты жоқ, пайдалану мерзімі сынып қалмайынша анағұрлым ұзақ болады. Балалар және жануарлар жұлып тастайды деп алаңдамайсыз. Бұл – гүлдердің практикалық жақтарының бірі.

9. Гүлдерді сатып алған соң оған өзіңіз де дизайн жасай аласыз. Мәселен, үйіңізде босап қалған аквариум немесе қайық болса, оған гүл шоғырларын әдемілеп орналастыру арқылы қайталанбас композиция жасап шығуыңыз да ғажап емес. Дайын сыйлыққа сіздің де үлес қосқаныңызды білсе, оның құндылығы арта түсетінін өзіңіз де жақсы білетін боларсыз.

10. Егер сүйіктіңіз жер үйде тұратын болса, оған аулада өсетін биік ағаштарды да сыйға тартуға әбден болады. Мұндай жағдайда климаттық жағдайларға назар аударған жөн. Мәселен, Орталық не Солтүстік Қазақстанда қанша пальма өсіргіңіз келсе де, оған қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан ауа райын талғамайтын, қатал суыққа және ыстыққа шыдамды өсімдік түрін таңдаған дұрыс.

Бұл ретте қазақстандық жас архитектор Айбек Алмасовтың ойлап тапқан ерекше идеясын ортаға салайық. Ол кескіндеген үйінің дәл ортасына қарағайдың қылқанын орнатқан. 4 қабатқа дейін биікке өсетін бұл ағаш үйге жағымды иіс берумен қатар, эстетикалық қуаныш та сыйлайды екен. Ал шыны тәріздес қабырғалар кез-келген уақытта қалың орманға көз тігіп, табиғатқа сүйсінуге мүмкіндік береді екен.

Жалпы алғанда, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күнін тойлау алдында өзіңізге де әр түрлі идея келуі мүмкін. Оларды осы жарияланымның астына пікір ретінде жазсаңыз тіпті тамаша.

Сонымен қатар, осы атаулы мереке қарсаңында "Kazakh TV" телеарнасы сайыс жариялайды. Оның шарттары. Қатысуға асығыңыз. Сізге сәттілік тілейміз!

Ал мүмкін сіз гүл өсіріп, бизнес жасағыңыз келетін шығар. Олай болса, «PEOPLE AND ECONOMY» бағдарламасын тамашалауыңызға болады:

 

Сонымен қатар, біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыздар:

Facebook

Vk

Google+

Twitter

Instagram

Youtube

 

14 апреля 2016, 12:11
2189

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания Kazakh TV

«Kazakh TV» — первый национальный спутниковый телевизионный канал Республики Казахстан. Входит в структуру крупнейшего медиа-холдинга АО «Агентство „Хабар“.

Канал „Kazakh TV“ впервые начал свое телевизионное вещание 25 октября 2002 года под названием „Caspionet“. Круглосуточный канал „Kazakh TV“ вещает на казахском, русском и английском языках. Формат канала информационно-познавательный.

Kazakh TV — наше слово в мировом информационном пространстве!

Сотрудники:

Gaukhar_Kozybakova
Aikumis
AlmasMyltykbayev
DayLink
NurbolTastan
SunnySaya
Xeniya_Pridatchenko
assemkazikhan

Поклонники (28):

Turbo
SKYFALL
madinator
Orynbayeva
kannatalie
Mr_Semsk
Daniyar_Shermentayev
satel
usermail7671007024624082523
Gaukhar_Kozybakova
SovetVeteranov
aliyakozhahmet
usermail2425513563293072026
Aliana_Ry
Lady_D
kas_0111
BeYnekz
Xeniya_Pridatchenko
NurbolTastan
SunnySaya
orazbayeva91
iskakoff
7faktov
DayLink
Rosebleue
askarkyzi_a
Meruyertte
6eri9zdan