Дубайда көруге міндетті 10 орын

 

Егер сiзге лезде Дубайға барып келу бақыты қонса, онда қандай орындарды аралап көрер едіңіз? Сіздерге арнап дайындаған шолуымызға назар аударайық.


Фото: alldubai.ae
 

1. Бiрiншi күнi Down Town Dubai алаңына баруға кеңес береміз. Онда дүниежүзіндегі ең биік ғимарат Burj Khalifa орналасқан. Биіктігі 828 метр. Оның көк тiреген “At The Top” байқау алаңынан Дубаи қаласын бір алақанға салып қойғандай, көше, өзен қиылыстарын асықпай зерттей аласыз. Burj Khalifa-ның дәл қасында The Dubai Mall сауда орталығы орналасқан. Ішінде алып аквариумы және шағын болса да хайуанаттар бағымен танысып болған соң, кешке далаға шығып, дүниежүзіндегі ең үлкен «өлең айтатын» су бұрқағын тамашалай аласыз.

 

Burj Khalifa-ның байқау алаңына сол күнде кіру үшін 100 доллар тұрады, ал егер сіз ақшаны үнемдейін десеңіз, онда билетті келесі күнге 100 дирхамға сатып алуыңызға болады (бүгінгі күнге шамамен 9 400 теңге).

Байқау алаңының өзі 124 қабатта жайғастырылған. 10 м/с жылдамдықпен жүретін лифт сiздi көздi ашып жұмғанша қажеттi қабатқа жеткiзедi. Сiз көтерiлген бойы, шығыс мотивтері бар әуендерді тыңдап тұрасыз.

2011 жылдың 15 желтоқсанда «Орындалмайтын миссия 4» фильм жарыққа шықты. Бұл фильм көк тiреген үй үшiн дебютті болды - мұнара алғаш  рет кинотеатрларда көркемсуреттi жанр фильмінде көрсетілген. Том Круздың қатысумен өткен фильмнiң басты эпизодтарының бiрi осы жерлерде түсірілген.

Еске сала кетейік, Дубай аквариумы «дүниежүзіндегі ең үлкен акрил тақтасы» ретінде Гиннес рекордтар кiтабына кiрді.

Тақта толығымен мөлдiр және келушілерге аквариумның барлық 33 000 теңіз тұрғындарына, су әлемiне тамаша шолу бередi.

Аквариумда балықтардың 140 түрi, оған қоса қытыран балық таныстырылған. Аквариумның балықтарын бақылаудан басқа шыны түпті қайықпен су бетінде жүзуімен бірге, қауiпсiз клеткада  аквалангпен бірге аквариумға батыруға ұсынылады. Ал ең батылдар аквалангпен қытырандардың жанында жүзе алады. Бiрақ мұнымен су әлемімен танысу аяқталмайды. Аквариумның жалғасы Discovery Center болып табылады. Ол аквариумнан екi қабат жоғары орналасқан. Бұл шағын хайуанаттар бағында суда мекендейтін жануарлармен бірге, жер мен су шекарасында нәсіл ететін жануарлар мекендейді.

Мұнда келушiлерді гумбольдттiң пингвиндерi, теңiз мысығы, ойнақы қаракүзендер, алып сегiзаяқ және қолтырауындар, сонымен бiрге 40 жеке аквариумда және бөлмелерде орналасқан басқа су айдынының мекендеушiлері күтедi.

Кейбіреулерін, мысалы, теңiз жұлдыздарын қолмен ұстап көру мүмкiн, ал кейбiреулерін, мысалы, пиранийлерді, ұстап көру – өмірге қауіпті. Бақ шартты түрде үш зонаға бөлiнген: тропиктiк орман аймағы, жартасты жағада және ашық теңiздерде тұратын хайуанаттар. Туннельге және Discovery Center-ге кiру - 50 дирхам тұрады (шамамен 4 700 теңге).

 


Фото: wall.alphacoders.com

 

2.    Burj Al Arab отелі. Souq Madinat  сауда қатарлары бар Madinat Jumeirah курорттық кешендi, сонымен бiрге Jumeirah Beach Hotel және Wild Wadi атақты аквапарк. Burj Al Arab («Араб мұнарасы») Дубайда, Бiрiккен Араб Эмираттарының ең iрi салтанатты қонақ үй. Ғимарат теңiзде жағадан 280 метрлiк қашықтықта жасанды аралда тұр, жермен көпiр көмегiмен бiрлескен. 333 метр биiктiгі бар «Rose Tower» (Раушан Мұнарасы) 2008 жылдың сәуiрінде ашылғанға дейін, 321 метр биiктiгін иелене отырып, Burj Al Arab әлемде ең биiк қонақ үй болды.

Burj Al Arab-та әлемдегі ең биiк (180 метрлiк) атриум вестибюлi орналасқан.  Burj Al Arab-та қарапайым бөлмелер жоқ, ол екi қабатты 202 нөмiрлерiне бөлiнген. Ең кiшкентайы 169, ал ең үлкені 780 шаршы метрді құрайды. Бұл әлемдегі ең қымбат отельдерінің бірі. Стандартты және жақсартылған нөмiрдегі бір түнге бағасы 1 000 бастап 15 000 доллар аралығында, ал Royal Suite бір түннiң бағасы 28 000 долларды құрайды.

 

Фото: www.thousandwonders.net
 

3.    Қолдан жасалған The Palm Jumeirah аралдарында сансыз отельдер орналасқан,  олардың арасында «The Lost Chambers» су асты үңгiрлерi, алып аквариум және Aquaventure аквапаркі бар салтанатты Atlantis, The Palm де бар. Atlantis The Palm-ге дейiн вагондарынан аралға ғажайып түр ашылатын монорельстi жол бойымен жетуге болады.

 

Фото: alluae.ae

 

4.    Mall of the Emirates сауда орталығының ішінде Ski Dubai жасанды тау шаңғы баурайы орналасқан. 1 500 адам сыятын Ski Dubai дүниежүзіндегі жабық тау шаңғы курорттардың ең iрiсі (ауданы 22 500 ш/м). Бұл Таяу шығыстағы бiрiншi жабық тау шаңғы кешені. Арабтар үшiн сауда орталықтары олардың өмiрдің ажырамас бір бөлiгі. Бос уақыттары болса немесе мереке күндерінде сауда орталықтарында өткізеді.

 

Фото: www.expedia.com

 

5.    Dubai Creek немесе Дубай айлағы, қаланың тарихи бөлігін екі жаққа бөледі – Дейра және Бур-Дубаи. Дейра аумағында атақты жәуhар бұйымдарын және асыл тастарды сататын 300 зергерлiк компаниялар орналасқан Gold Souk, сонымен бiрге түрлі дәмдеуiштер ұсынылған Spice Souk дәмдеуiштердiң нарығы жайғастырылған.

Дубай – бұл дүниежүзілік сауда орталығы деп атауға да болады, жаныңызға керекті заттардың бәрін керектi мөлшерде сатып алуға болады, сондықтан сатушыдан дыбысталған бағаға сатып алуға асықпаңыз. Қаңтар айларында барлық сауда орталықтарында Сауда фестивалі өтеді. Бұл жерде сапалы бұйымдарды арзан бағаға сатып ала аласыз. Батыл саудаласыңыз. Gold Souk бойымен серуендеп жүріп сауда көшелерiнiң лабиринттері бар Banyas Square түсуге болады, онда тондар және электроникаларды сатып алуға болады.

 

Фото: http://dubaiopera.com
 

6.     Dubai Opera. 2016 жылдың 31 тамызында Downtown Dubai  ауданында көп қызметті опералық театр ашылған. Масштаб бойынша Сиднейдегі опера театрымен бәсекелесе алады. Дубай опера жобасының басты архитекторы Atkins компаниясының Янус Росток. Театр режiмiнде сыйымдылығы 2000 адамға дейiн жететін кең көлемдi драма спектакльдердi, мюзикл, балет, дәрiстер үшiн конференциялар өтеді. Dubai Opera-ның үстінгі қабаттарда мейрамхана және бау-бақшасы бар.

 

Фото: nainatourism.com

 

7.    Dubai Dolphinarium. Крик саябағында аймақта бiрiншi «Dubai Dolphinarium» дельфинарий ашылды. Қара теңiздік дельфин-афалиналардан басқа - оның мекендеушiлерiнiң бірі 4 теңiз мысығы болды. Дельфинарий қызметiнiң негiзi - көңiл көтеретiн және бiлiм беретiн тiркес бағыттарының бірі. Осы концепция негізінде күнделікті шоу-бағдарламалар дайындалған, осында дельфинарийдың мекендеушiлерi өздерінің физикалық, интеллектуалдық және шығармашылық қабiлеттiлiктерін көрсетеді: билеп, өлең айтады және сурет салады!

Дельфинарийде дельфиндермен бірге жүзу мүмкiн, ол қызық, әрі пайдалы. Ол эмоционалды артық салмақтан айырады, шаршауды басады, жалпы өмiрлiк тонусты жоғарылатады және күйзелiстен құтқарады. Және де осы кезде, рақатты кім көбірек  алғаны белгiсiз, бала ма, әлде ересек адам ба.

 

Фото: sandrascotttravelcolumns.blogspot.com

 

8.    Дубайдың тарихи бiр бөлiгi – Бур Дубайдағы Бастакия кварталынан бастап, оның қасынан Дубай мұражайы орналасқан, Шиндага ауданына дейін, Heritage Village (Этнографиялық мұра ауылы), Diving Village (Сүңгушiлер ауылы) және Sheikh Saeed House (Саид шейхінің үйі). Осында Rulers Diwan (Дубайдың әмiршiсiнің істерін Басқармасы), тоқыма нарығы, антиквар және кәдесыйлар дүкендері жайғасқан.

 

Фото: falcontoursuae.com

 

9.    Dhow cruise. Бұл айдай сұлу және романтикалық круиздердің бірі. Тыныш музыканы тыңдай отырып, дәстүрлi араб тағамдарының дәмін тата отырып, түнгi Дубайдың тамаша көрінісін тамашалауға болады.

 

Фото:  music.org.za
 

10. Және әрине, сафари. Бұл мiндеттi түрде баруға керек экскурсияның бірі!

«Сафари» сөзін айтқанда, көптеген туристер бұл шөлдегі аң аулаушылық деп есептейдi. «Джип - Сафари» сөздерінде әйелдер шапшаң жүруден қорқады деп бірден айтады.  Бірден тыныштандырғымыз келедi - жайлы «Toyota Land Cruiser» джиптарын жоғары кәсіби жүргiзушiлер апарады, сондықтан олар ешқандай қауiптi болдырмайды. Нәтижесінде сiз өмірде ұмытылмас әсер алып шығасыз.

 

Фото:  www.getyourguide.com
 

Бұл кездегі маңыздысының бірі дұрыс көңiл-күй: сiздi кешкi асқа 5* отельге әкеледі деп күтпеңiз. Жоқ - сiз жергiлiктi бедуиндердің лагеріне келесiз, онда кiлем және жастықтар құм үстiнде жатады, түйенің үстінде отырып серуендеп, қынамен тату жасап, дәстүрлi биді қарап немесе өзiңізге де билеп алуға болады. Кешкi ас қайталанбас дәмдi, оны лагерьдің тура өзінде әзiрлейтін болады, ал шөл даладағы мұндай күннiң батуын және жұлдызды аспанды сiз ешқайда көре алмайсыз.

 

Фото:  www.reddunesdubai.com

 

Сафариге сапардың өзі Дубайдан бір адамға 117 дирхам (шамамен 11 000 теңге) тұрады. Оның ішіне: сафаридің өзі, кешкi ас, көңiл көтеретiн бағдарлама, өте жақсы көңiл күй  және бүкiл өмiрге естелік кіреді.

   

Қазақстан - тату-тәтті өмір сүретін халқы бар байтақ ел. Қазақстан халқы - қазақтар, корейлер, финдер, немістер, қытайлар және тағы да көптеген ұлттар, олардың ата-бабалары өзге көптеген елдерде тұрады. Бағдарламамыздың мақсаты - өзге ұлт өкілдері Қазақстанда қалай тұрмыс құрып жатқанын көрсету. Басты кейіпкер – Біріккен Араб Әмірліктерінің тұрғыны, өз қаласын, өз өмірі мен отбасын көрсетеді. Екінші бағдарламада Қазақстандық азамат оны өзіне қонақ қылып Қазақстанға шақырады.

 

«Welcome to Kazakhstan» бағдарламасын тамашалаңыздар:

 

 

Әлеуметтiк желiлерде "KazakhTV" аккаунттарға жазылыңыз:

 

Facebook

Vk

Google+

Twitter

Instagram

Youtube

7 сентября 2016, 20:13
2332

Комментарии

Hello, we provide unique desert adventures in Dubai. Please check our website www.mxdubai.com and add our services to your website. Contact us at mailto:info@mxdubai.com if you need high resolution pictures. Thank you very much

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания Kazakh TV

«Kazakh TV» — первый национальный спутниковый телевизионный канал Республики Казахстан. Входит в структуру крупнейшего медиа-холдинга АО «Агентство „Хабар“.

Канал „Kazakh TV“ впервые начал свое телевизионное вещание 25 октября 2002 года под названием „Caspionet“. Круглосуточный канал „Kazakh TV“ вещает на казахском, русском и английском языках. Формат канала информационно-познавательный.

Kazakh TV — наше слово в мировом информационном пространстве!

Сотрудники:

Gaukhar_Kozybakova
Aikumis
AlmasMyltykbayev
DayLink
NurbolTastan
SunnySaya
Xeniya_Pridatchenko
assemkazikhan

Поклонники (28):

Turbo
SKYFALL
madinator
Orynbayeva
kannatalie
Mr_Semsk
Daniyar_Shermentayev
satel
usermail7671007024624082523
Gaukhar_Kozybakova
SovetVeteranov
aliyakozhahmet
usermail2425513563293072026
Aliana_Ry
Lady_D
kas_0111
BeYnekz
Xeniya_Pridatchenko
NurbolTastan
SunnySaya
orazbayeva91
iskakoff
7faktov
DayLink
Rosebleue
askarkyzi_a
Meruyertte
6eri9zdan